Президент тапсырмасы: Министр Щучинск-Бурабай аймағын тексертіп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи реурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Президенттің тапсырмасы бойынша Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге мамандар жіберіп, тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бұл туралы министр өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Президенттің тапсырмасы бойынша Щучинск-Бурабайкурорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге мамандар жіберіліп, тергеп-тексеружүргізілуде. Бұл жайсыз оқиғаның тексеру барысын бақылауда ұстаймыз. Министрлікзаңсыз ағаш кесу бойынша жауапкершілікті қатаңдатуды жоспарлап отыр»,-деп жаздыминистр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштардыкесу дерегі бойынша шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырма бергенін хабарлағанбыз.

«Казахстанская правда» газеті Щучинск-Бурабай курорттықаймағындағы ағаштарды кесу дерегі жөнінде жазды. Ұлттық байлықты жоюға қатыстыөрескел әрекетке су құбыры жолының құрылысы сылтау болып отыр. Үкімет жәнеәкімдік шұғыл шаралар қабылдауы тиіс»,-деп жазды Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар