Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз маслихатында айтты.
Өз сөзінде А. Мырзахметов жамбылдықтардың қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Елбасы Жолдауын үлкен қызығушылықпен қабылдағанын атап өтті.
"Жолдаудағы бірінші басымдық- халық табысының өсуіне қатысты. 2019 жылдан бастап бюджеттен жалақы алатын 23 424 қызметкер үшін төменгі жалақы өскелі отыр. Бұл шешімді бизнес өкілдерінің де қолдауы үшін жергілікті кәсіпорын басшыларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, өңірдің «Жамбылгипс» АҚ, «TMЗ» ЖШС, «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС және «Жамбыл Цемент Өндiрiсiтік компания» ЖШС, «Алтыналмас»АҚ сынды ірі кәсіпорындары бұл шешімді қолдап, 9 мың қызметкердің еңбекақысын көтергелі отыр.
"Облыста 95 ірі және орта бизнес және келіссөздер жыл соңына дейін жүргізіледі", - деп өз сөзін түйіндеді әкім.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабаев халыққа арналған биылғы Жолдауында 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге өсіруді тапсырды. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлінеді.