«Бізге қазіргі уақытта қоғамдық көзқарас тұрғысынан маңызы артып келе жатқан экология проблемасымен айналысу керек. Жыл сайын 5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық жиналып қалады. Олардың 15 пайызы ғана өңделуде. Бұл - жеткіліксіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Қазақстан Президенті осыған байланысты мектепте балалардың экологиялық білімі атты жаңа пән енгізу керектігін атап өтті.