Президент: Тәуелсіздігімізбен бірге ата дініміз қайта оралды, жаңа белеске көтерілді
12:41, 19 Ақпан 2013
АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Тәуелсіздігімізбен бірге ата дініміз қайта оралды, жаңа белеске көтерілді, деп атап өтті бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу өткізіп жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы елімізде отандық діни білім беру жүйесі қалыптасқандығын және қоғамда жоғары діни білімі бар азаматтар көбейгендігін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде жазды.