Президент «Таза Қазақстан» экофестиваліне арналған көрмені тамашалады

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев көрме экспозицияларын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Мұнда қоқыс өңдеу, өндірістік кәсіпорындар жобалары, табиғат тазалығы бойынша стартаптар, мектеп оқушыларының экологиялық бастамалары, сонымен қатар балалардың қоршаған орта тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстары қойылған.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушылары Нұрбақыт Ермекұлы мен Айзат Ержанқызы Президентке Есіл өзенін тазалап, сақтауға қатысты жобаларын таныстырды.

Фото: Ақорда

Атыраулық оқушы Аружан Ғалымжан Президентке суды үнемдеуге үндейтін суреттерін көрсетті.

«Таза Қазақстан» бастамасы бойынша ұйымдастырылған шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам оқушы қатысқан болатын.

Мемлекет басшысына байқау жеңімпазының суреті салынған жейде мен шопер сыйға тартылды. Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың жұмыстарына жоғары баға берді.

Фото: Ақорда

Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш еккенін жаздық.