Президент телекоммуникация нарығын дамыту туралы заңға қол қойды

АСТАНА.KAZINFORM - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Фото: Ақорда

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскамен кездесті.