Президент Телерадиокешенінің халықаралық серіктесі Тоқаевтың Пәкістанға сапары туралы фильм жариялады

Фото: видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Президенті Телерадиокешенінің серіктесі Associated Press of Pakistan Қазақстан Президентінің Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарына жөнінде деректі фильм жариялады.

Президенттің Телерадиокешенінің серіктесі – Associated Press of Pakistan ағылшын тілінде «Strategic Partnership: Kazakhstan&Pakistan» («Стратегиялық серіктестік: Қазақстан және Пәкістан») атты деректі жоба әзірлеп, ұйымның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жариялады.

Жобаны TRK LAB цифрлық командасы әзірлеп, отандық медиа үшін жаңа форматта жүзеге асырылды.

Фильмнің ерекшелігі – оның форматында. Алғаш рет Мемлекет басшысының мемлекеттік сапарының негізгі қорытындылары вертикалды деректі форматта, яғни жүргізушісіз және кадр сыртындағы мәтінсіз ұсынылды. Фильмде ресми іс-шаралардың әсерлі, жанды бейнелері, сирек кездесетін сахна сыртындағы сәттер, динамикалық музыкалық сүйемелдеу мен титрлер қолданылған.

Заманауи визуалды көрініс пен халықаралық формат жобаның тек қазақстандық қана емес, шетелдік аудиторияның да назарын аударуға мүмкіндік беріп, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы стратегиялық әріптестіктің дамуын айқындай түсті.

Деректі фильмнің толық нұсқасын осы жерден көруге болады.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды.

Мемлекет басшысының бұл сапары екіжақты қарым-қатынастарды «жобалық режимге» көшіруге бағытталған қадам ретінде бағаланды. Атап айтқанда, нақты бағыттар, келісімшарттар, нарықтарға қолжетімділік, логистика және транзит мәселелері қамтылды.