Президент Телерадиокешенінің ұжымы Астанадағы Нұра-Есіл арнасының айналасын тазартты

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстан Президенті Телерадиокешенінің ұжымы қала аумағын көріктендіріп, қоқыстан тазалау үшін жалпықалалық сенбілікке белсенді атсалысты.

Редакторлар, журналистер, операторлар мен техникалық мамандар Ұлы Дала даңғылынан бастап, Нұра-Есіл арнасының жағалауындағы 2 гектар жерді тазалады. Тазалық жұмыстарына 150 адам қатысты. Қызметкерлер аймақты қоқыстан, шіріген жапырақтар мен бұталардан тазартып, қаланың тазалығына деген қамқорлықтың және экологиялық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Іс-шара «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция мен Бүкіләлемдік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында өтті.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Бүгін ауқымды сенбілік астананың барлық аумағын қамтыды. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың, шағын және орта бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ коммуналдық қызмет пен өзге де ұйым, мекеме ұжымдары қатысты. 

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Іс-шара барысында көшелер, жаяу жүргіншілер жолдары, аулалар, қоғамдық кеңестіктер тазартылып, сауда орындары маңындағы қоқыс үйінділері жойылды.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Президент ТРК-ның ұжымы сенбіліктерге тұрақты қатысып келеді. Тамыз айында Астананың желілік бағын тәртіпке келтірсе, сәуірде Нұра-Есіл арнасының жағасын тазалады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform