Президент ТМД-ның бірлескен гуманитарлық минасыздандыру бөлімшесі туралы келісімге қол қойды
17:53, 18 Қазан 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.