ТРК және MNU бірлескен жобасы Қазақстанда дарынды жастарды қолдау және кәсіби дамыту, қоғам мен мемлекеттің заманауи коммуникативтік сұраныстарына жауап беретін журналистік корпус қалыптастыру бойынша алғашқы жоба болды.
«Біз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындадық және Maqsut Narikbayev University-мен бірлесіп Халықаралық журналистика мектебін аштық. Мектеп қазірдің өзінде жұмыс істейді, онда біздің болашақ әріптестеріміз оқып жатыр. Бұл ретте, 10 талантты студент Телерадиокешеннен оқуға грант алды», - деп атап өтті ТРК Бас директоры Раушан Қажыбаева.
Кездесу «жанды» қарым-қатынас және медиа дамуының басты тенденциялары, қазіргі заманғы БАҚ алдында тұрған міндеттер туралы пікір алмасу форматында өтті. Болашақ журналистердің ұлттық медиа-жүйені, қазақстандық журналистиканың ерекшелігі, еліміздегі желілік, телевизиялық, баспа БАҚ рөлін дамыту мәселелерін ерекше қызығушылығын тудырды.
Кездесуге қатысушылар «Jibek Joly» телеарнасы, «ҚазАқпарат» ХАА, Деректі кино орталығы, Цифрлық медиа және жылжыту дирекциясы сияқты Телерадиокешеннің ресурстары базасында журналистиканың заманауи әдістерін оқыту мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен, тәжірибелі сарапшылар, медиа-менеджерлер, тілшілер, жүргізушілер, продюсерлер, режиссерлер, монтажерлер, операторлар тәжірибесімен бөлісуге дайын.
«Журналистика – шығармашылық мамандық, ол тұрақты тәжірибе мен дағдыларды жетілдіруді талап етеді. Біздің студенттерге ТРК-ның кәсіби мамандарынан үйренуге бірегей мүмкіндік беріледі. Бұл Қазақстандағы сапалы журналистиканың дамуына үлкен үлес деп санаймын», - деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.
Кездесу жөке ағашы көшеттерін отырғызумен аяқталды. 2021 жылы салынған ТРК аллеясы әдемі ағаштармен толықтырылды, олар жазда қала тұрғындарын алтын гүлшоғыры мен бал хош иісімен қуантатын болады.