Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында оңайлатылған кеден дәлізін құруды көздейтін заңға қол қойғанын мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы „Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген құжатта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.