Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапештке барды
18:22, 20 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапештке барды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Мемлекет басшысы бүгін Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізеді, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақорда 20-21 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мажарстанға баратынын мәлімдегенін жазған болатынбыз.
Кәрі құрлықтағы түркі тектес ел – Мажарстанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде қандай дүниелер талқылануы мүмкін? Kazinform-ның аналитикалық шолушысы осы тақырып жөнінде толғап көрді. Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.