Президент Түркияға ресми сапармен барады

АСТАНА. KAZINFORM — 28-30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Фото: Ақорда

— Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы геосаяси жоба немесе әскери ұйым емес екенін Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістанда өтіп жатқан бейресми саммитінде мәлімдеді. 

Алдағы уақытта Түркі мемлекеттерінің ортақ картасы жасалатыны хабарланды.