Президент Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады

АСТАНА. KAZINFORM — 8-9 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазаға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Сапар аясында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесті.