Президент Үкімет пен әкімдерге қандай тапсырмалар жүктеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. Жиынға Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысты. Осы орайда бірқатар министрлер мен облыс әкімдері Мемлекет басшысына есеп берді.

Халықты қолдау шаралары сапалы жүргізіледі

Мемлекет басшысы төлем қабілеті төменазаматтарға қатысты қарыз жүктемесін төмендету бағытындағы жұмыстар қалай жүріпжатқандығын сұрады.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы ЕрболатДосаев ағымдағы жұмыс Үкіметпен бірлесе 2 блокқа бөлінгенін, бірінші блоктақолдаумен қамтылған топқа қатысты мәліметті салыстыру жұмыстары ескерілген. Осымәліметтер базасын салыстыру бойынша жұмыстарды ағымдағы аптада Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрлігі аяқтайды. Алдағы аптадан бастап шілденіңаяғына дейін екінші деңгейлі банктермен және микроқаржылық ұйымдармен,сондай-ақ Проблемалық несиелер қорымен шарттар бекітіледі.

«Біздіңше, 1 қыркүйекке дейін банктергеқатысты қажетті төлемдер аяқталады. Айыппұл және өсімпұлға байланыстымәселелерді 1 тамызға дейін шешеміз», - деді Е. Досаев.

Президент бұл жұмыстарды Үкімет, ПрезидентӘкімшілігі тұрақты бақылауда ұстауы керектігін тапсырды. «Біз осы акция туралыжарияладық. Атап айтқанда, бұл акция біржолғы сипатқа ие. Алдағы уақытта осытектес шаралармен әуестене алмаймыз, оған құқығымыз жоқ. Дегенмен, халыққажариялаған бастаманы дер кезінде әрі сапалы орындауымыз керек», - дедіҚасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы атаулыәлеуметтік көмектегі жағдай туралы пікір білдірді. Осығанбайланысты, Қасым-Жомарт Тоқаев шын мұқтаждарға ғана көмектесу үшін Үкіметтіңнақты әрі ашық процедуралар орнатуы қажеттігін айтты. «Атаулы көмек бөлуді қатаң бақылауға алып,кез келген алаяқтық пен жемқорлықты қатаң жазалау керек. Үкімет пен әкімдермұндай фактілердің алдын алып, АӘК төлемдерін әкімшіліктендіруді ретке келтіруітиіс. Көмек атаулы түрде көрсетілуі қажет», - деп атап өтті ол.

Баспана мәселесін тұрақты бақылауда

«Жалпы, тұрғын үй проблемасын сіздер тұрақтыбақылауда ұстауларыңыз керек. Баспана мәселесі еліміздегі ең өткір әрі өзектіпроблема екенін түсінулеріңіз қажет. Соңғы кездері бұл жағдай қаншалықтыушыққанын көріп отырсыздар. Оны қалай шешу бойынша ұсыныстар беріңіздер», -деді Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярғақарата айтқан сөзінде.

Осы орайда, аталған саладағы проблеманы шешуҮкіметтің оңтайлы қадамдарына байланысты екенін қадап айтты. «Сіздердіңминистрліктеріңіз көпбейінді, ведомство бірқатар мәселелермен айналысады.Тұрғын үй проблемасына үнемі назар аударып отыру керек», - деді Қ.Тоқаев.

Барлық баспана бағдарламаларын біріктіріп, бірыңғай түсінікті тұрғын үй саясатынаайналдыру қажеттігі айтылды.

«Екінші жартыжылдықта жоспарлық көрсеткішті(баспана салу бойынша – ред.) қуып жетесіздер деп үміттенемін. Жалпы үлкенжұмыс жүргізіліп жатыр, бірақ баспана қолжетімдігі мәселесі соңына дейіншешілмеді. 2012 жылдан бастап кезекте тұрғандар саны 487,8 мыңға дейін 2 еседен астамкөбейген. Кезек үнемі өсіп келеді. Сондықтан, ҚР Тұңғыш Президенті 2% баспанақарызы механизмі бар «Бақытты отбасы» бағдарламасын ұсынды. Бұл жақсыбағдарлама, бірнеше айдан бері жұмыс істеп келеді. Оның нәтижесі қандай?» – депсұрады Президент ҚР ИНдустрия және инфрақұрылымдық даму министрі РоманСклярдан.

Министр жыл соңына дейін жоспар бойынша 13млн шаршы метр баспана пайдалануға берілетінін айтты.

«Біз бұл жоспарды орындаймыз. Нұр-Сұлтанқаласы бойынша 400 мың шаршы метрге қалып қоюымыз мүмкін, бірақ белсенді жұмысістейтін боламыз. «Бақытты отбасына» қатысты 2 айда барлық ережені жасадық, 1шілдеде өтінім қабылдауды бастадық және бүгін төлемдер басталды. 6 000 несиебиыл беріледі», - деді Роман Скляр.

Өз кезегінде Президент барлық баспанабағдарламаларын біріктіруді ұсынды. «Барлық тұрғын үй бағдарламаларын бірыңғайтүсінікті баспана саясатына шоғырландыру қажет. Биылғы қыркүйектің 1-іне дейінбұл мәселе бойынша ұсынымдар енгізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Президент жастарға баспана қолжетімді болуы тиіс екенін қадап айтты.

«Елбасы осы жылды «Жастар жылы» деп жариялады.Жастармен қоғамдық-идеологиялық жұмыс жүргізу – өте маңызды міндет. Себебіжастар біздің болашағымыз. Сондықтан «Жастар жылының» игілігін ең алдыменжастардың өздері көруі керек», - деді ол.

Инвестициялық жобалар

Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвесторларғақисынсыз талаптар қоятын әкімдерге ескерту жасалды.

«Инвестициялар тұрақты түрде тартылуы керек.Әкімдер инвестиция тартумен айналысуы керек. Кейбір кезде теледидардансіздердің кәсіпкерлер делегациясын, инвесторларды қалай қабылдайтындықтарыңыздыкөремін. Бұндай шаралар ешқайда жарамайды, өздеріңіз үстелдің басына жайғасып,оларды 3-4 метр алшақ отырғызасыздар. Өздеріңізді қандай да бір князьдықтыңбасшысы ретінде көрсетесіздер. Бұл ретте инвестицияны тартуға сіздер емес, олармүдделі болғандай байқалады», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілгенотырысында.

Осы орайда, Президент әкімдердің осы іспеттесіс-қимылдары телеарналар арқылы көзге ерсі көрінетінін атап өтті. Сонымен қатаринвесторлармен кездесу барысында өңір өкілдері тарапынан қисынсыз талаптарболып жатады.

«Парақорлыққа жол бермеу керек. Егер деосындай әрекетпен біреу байқалса, онда еңбегі мен жұмыс тәжірибесінеқарамастан, әкімдер тиісті жазасын алады. Бұл тұрғыда сіздерді алдын алаескерттім деп түсініңіздер», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мұнымен қоса, Президент елордадағы жеңіл рельсті көлік құрылысынақатысты пікір білдірді.

«Халық үшін ыңғайлы, түсінікті және қолайлыкөлік түрін құрудың орнына көліктің қымбат түрі, яғни LRT ұсынылған. Меніңтүсінуімше, мамандардың, сәулет қоғамдастығының пікірі ескерілмеген. Әкімдіктіңхабарлауынша, жолаушылардың болжанған ағыны тәулігіне 146 мың адамды құрайды.Қазіргі кезде ұқсас бағдарда, әуежайдан жаңа вокзалға дейін жолаушылар ағыны 2мың адамды ғана құрап отыр. Осылайша, жолаушылар ағынын қалайша 70 есегеарттырмақсыздар? Бұл маған түсініксіз болып тұр», - деді Президент.

Осы орайда, Мемлекет басшысы өзін-өзіақтамайтын жоба мемлекетке масыл болатынын атап өтті.

«Құрылыс бойынша жіберілген шығындар менхалықаралық міндеттемелерді ескере отырып, бұл жоба тоқтатуға келмейді. Алайда,оның салдарын түсіну керек. Үкімет әкімдіктермен бірлесе аталған мәселеге нүктеқойып, нақты ұсыныстар енгізуін тапсырамын. Осындай жобаны ұсынған жауаптыадамдар бақылаушы органдардың сұрақтарына жауап беруі тиіс. Сонымен қатар, бұлмәселе бойынша Парламент депутаттары пікір білдіруі керек», - деді Қасым-ЖомартТоқаев.

ҚР Президенті назар аударған тағы бір мәселе жоспарлаужүйесіне қатысты

«Ең өзекті мәселелердің бірі – үнеміжеткілікті қаржыландырмау. Мәселен, 2018 жылғы индустрияландыру бағдарламасы35% ғана қаражатпен қамтамасыз етілген», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтіңкеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы қаржыландырумен бірге стратегиялықмақсаттарға жетудің де кейінге ысырылатынын атап өтті. «Мұнда жоспарлау деңгейінің төмен екенікөрініп тұр. Қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын нәрсені жоспарлаудың қажеті не?Сәйкес жобалар мен бағдарламалардың тиісінше қаржылануын қадағалау керек.Объективті сараптама негізінде мәселені шешудің тиімдірек жолдары ұсынылуыкерек. Индустрияландырудың үшінші бесжылдығына ауыспай тұрып, бұл меніңҮкіметке тапсырмам, барынша байыпты, шыншыл көзбен қараған жөн. Ауадан сарайтұрғызғанды қою керек», - деді Қ. Тоқаев.

Электрондық үкіметтің әлеуеті

Президент электрондық үкімет порталыннасихаттау үшін қажетті шараларды қабылдау керектігін тапсырды

«Бүгінде біздің азаматтар мемқызметтердің 70пайызға жуық түрін, яғни 750 қызметтің 504 түрін электрондық үкімет порталыарқылы алады. Сонымен бірге, осы қызметтердің тек бесінші бөлігі электрондықформатта ұсынылады. Бұл өз кезегінде халықтың қызметтер жайында әлсізақпараттандырылғанын, техникалық әрі рәсімдік қиындықтардың бар екенінбілдіреді», - деді Президент.

Осы орайда, Мемлекет басшысы жауаптыминистрлікке сервисті жақсарту мен тиімділікті арттыру жұмыстарын жүргізудіжүктеді.

Мұнымен қоса Қ. Тоқаев білікті қызметкерлердіңжетіспеушілігін, ақпараттық жүйедегі кемшіліктерді жоюды, ақпараттық жүйелердің интеграциясын жоспарбойыша іске асыруды тапсырды.

Су ресурстары мен ауыл шаруашылығындағы аудит

ҚР Президенті барлық ауыл шаруашылығыжерлеріне аудит жүргізуді және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландырудытапсырды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізгенинвентаризация бос жатқан 16,5 млн гектар жерді анықтады. Бұл – мәселенің бірбөлігі ғана. Үкіметке барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді жәнежер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырамын. Жер – өндірістіңбасты факторы. Тиімділік пен ашықтық болмаса, ауылды дамыта алмаймыз.Түсінеміз, өте қиын жұмыс, мұнда Ауыл шаруашылығы және Цифрлық дамуминистрліктерінің үйлесімді жұмыс істеуі маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы цифрландыру жұмыстарын келесіжылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. «Келесі жылдың соңында барлығы реттелуітиіс. Бір сөзбен айтқанда, барлығы цифрлануы тиіс», - деді Президент.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы ауылшаруашылығы жерлерін тиімді қолдануды нормативті және тәжірибе жүзінде қатаңбақылауды тапсырды.

«Жер жұмыс істейтін адамдарға берілуі тиіс.Үкімет, атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі жердің тиімді пайдаланылуынбақылауды бастап кетті. Бұл жұмысты соңына дейін жүргізу қажет. 2021 жылы Жеркодексінің кейбір нормаларына мораторий аяқталады. Ауыл шаруашылығы жерлерінсатуға және жалға беруге салынған тыйым жөнінде айтып отырмыз. Бұл мәселебойынша нақты шешім қабылдануы тиіс. Бұл туралы Парламент депутаттары, саясипартиялар және қоғам ой қосады деп үміттенемін. Шетелдіктерге келсек, жероларға сатылмайды. Мұны анық түсінген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін Үкімет суресурстарының толық аудитін жүргізу тиіс.

«Сумен қамтамасыз ету мен су тарту мәселесіерекше назар аударуды қажет етеді. Біз су ресурстарына, су шаруашылығықұрылыстарын толық көлемде паспорттауды ешқашан жүргізбеппіз. Үкіметте осындайнысандардың нақты саны мен жағдайы бойынша тиісті мәлімет жоқ. Жекеменшік сушаруашылығы нысандарын есепке алу тиісті деңгейде жүргізілмеуде. СондықтанҮкіметке жыл соңына дейін су ресурстарының және сумен қамтамасыз етудегі барлықинфрақұрылымының ирригация жүйесіне толық аудит жүргізуді тапсырамын», - дедіПрезидент.

Мұғалімдер жаңа заңның игілігін көреді

«Білім саласы экономиканың дамуына ықпалететін маңызды бағыт. Тіпті, экономиканың толыққанды бір саласы деп айтуғаболады. Дегенмен, бүгінде түйіні шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Қала жәнеауыл мектептерінің білім беру сапасында әлі күнге дейін айтарлықтай алшақтықсақталып отыр. Апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің мәселесі әлі деөзекті», - деді Қ. Тоқаев.

Бұдан бөлек Президент білім беру ұйымдарыныңматериалдық-техникалық базасы мардымсыз екенін атап өтті.

«Аталған мәселелерді шешу үшін «Педагогтыңмәртебесі туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жұмысты жыл соңына дейінаяқтау қажет. Ең басты мақсат – мұғалімдер осы заңның игілігін, пайдасынсезінуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Үкіметтің кейтілген отырысында «Болашақ» бағдарламасына қатысу талаптарынөзгертуге қатысты тапсырма берілді.

«Білімжәне Ұлттық экономика министрліктерінде вице-министрлер «Болашақ» бағдарламасыүшін өз лауазымдарын аяқасты тастап кеткені белгілі. 45 жастан кейін қайдағы«Болашақ» бағдарламасымен оқу? Мұндай мысалдар аз емес, төмен деңгейдегібірнеше мекемеде де осындай жағдай орын алған. Қызметкерлер басшысына келедіде, «Мені «Болашақ» бағдарламасымен оқуға жіберіңіз» дейді. Осылайша,магистрант атанып кете барады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осының салдарынан кезекті вице-министрдіңбұрынғы вице-министр оқудан келгенше бір-ақ жылға тағайындалатынын түсіндірді.

«Бұл абсурд, бұл мемлекеттік қызмет емес.Сабақтастық қайда, қызметкерлердің институционалдық зердесі қайда? ПрезидентӘкімшілігі бағдарламаға қатысу талаптарына өзгеріс енгізуі тиіс. Саясиқызметшілер, әрине, өз білімін жетілдіруге құқылы. Бірақ, мемлекет есебіненемес, бос уақытында өз қалауымен айналысқандары жөн», - деді Президент.

Қазақстан халқына мың алғыс

«Арыс оқиғасы кезінде еліміздің азаматтары,мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, өңірлер, отандық бизнес жәнебірқатар шетелдік инвесторлар зардап шеккендерге материалдық және моральдыққолдау көрсетті. Бұл халқымыздың береке-бірлігінің арқасы және тұтастығымыздыңкөрінісі. Барлығына ризашылығымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.

Президент Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарынҮкімет басшысы мен әкімдерге қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

«Қорғаныс министрлігі әскери қойманы көшіружұмыстарын бастады. Бұл жұмысты ұзаққа созбай, қысқа мерзім ішінде аяқтауқажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айтпақшы, ҚР Президенті Қорғаныс министрі НұрланЕрмекбаевқа қатаң сөгіс жариялады.

«Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны көрініптұр. Алайда біз қазір жүйелік кемшіліктердің, сондай-ақ әскери ведомствотарапынан бақылаудың әлсіреуінің салдарымен күресіп жатырмыз. Қорғанысминистрлігі жүйесіне келгеніңізге көп болған жоқ, алайда саладағы жағдайғатолық жауаптысыз. Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігіндетуындаған жағдайға қанағаттанбаймын. Сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын»,- деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент Арыстағы жарылыстың салдары өтеауыр екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар