«Бұл қаражатқа жоғарыда айтқанымыздай сумен қамтамасыз ету, субсидиялау шаралары да қамтылсын. Осыны жақсылап пайдаланып, ұқсатып жұмсасаңдар өңірлерде көп шаралар жасауға да болатын еді», деді Елбасы.
Бұдан бөлек, Н. Назарбаев ветеринарлық мәселені шешуге де назар аудартты. Президент биылғы жылы түйнеме бірқатар өңірлерді алаңдатқанын атап өтті.
«Адамдар да қайтыс болып жатыр. Біз әрбір жыл сайын қомақты қаражат бөліп, бірақ ол індеттен толық құтылмай өмір сүргенше, оны түбірімен өзгертуге тиіспіз. Ветеринарлық мәселені жақсартпай өнімді шетелге шығарып сату еш мүмкін емес. Сондықтан да, әкімдер ветеринарлық қауіпсіздік үшін тікелей жауапты болады. Негізінен бұл мәселенің әкімдер құзырына берілгеніне де бірнеше жыл болды», - деді Мемлекет басшысы.