Президент ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорын тағайындады
17:17, 08 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Нұржан Құсайынов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылатынын жазған едік. Ақорда осы туралы Жарлық мәтінін жариялады.