Үкімет жаңа құрам жасақталғанша өз міндетін атқарады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды.

Фото: gov.kz

Жарлыққа сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.

— Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын, — делінген құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Айта кетейік, бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясы өтіп жатыр.