Қазақстан ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын — Тоқаев

АСТАНА. KAZINFORM — Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды.

Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды.

Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындағанын жаздық.