Президент ҰҚШҰ кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды
16:57, 26 Қараша 2025
БІШКЕК. KAZINFORM — Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы — Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 27 қарашада Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы өтеді.