Бұл туралы ол бүгін Парламент Мәжілісінде өткен жалпы отырыстан соң Мемлекет басшысының Үндеуіне байланысты журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның пікірінше, депутаттар бүгін Президенттің ұлт көшбасшылығына қатысты шешімін бүгін тағы да талқылап, қолдап дауыс берді. «Біз ол кісінің айтқандарын дұрыс түсінуіміз қажет. Мемлекет басшысының қосымша құзірет сұраймын дегендегісі, мемлекет болашағы үшін, еліміздің тәуелсіздігін нығайту үшін немесе сырттан төнген қауіптен халқымызды сақтандыру үшін қажет болған жағдайда мен өзіме қосымша құзірет сұраймын дегенді айтып отыр», деді депутат.
Оның пікірінше, Президенттің Үндеуде өзінің отбасына қатысты айтқан сөздері заң алдында азаматтардың барлығы бірдей дегенді білдіреді. «Ал заңға қол қою немесе қоймау мәселесіне келетін болсақ, бұл Президенттің Конституциямен бекітілген құқығы. Сондықтан біз оның шешімін қабылдаймыз», деді депутат.