НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қорға балама болатын қосымша институттарды құруға рұқсат берілмейді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елбасының бастамасымен құрылған Ұлттық қор баламасыз институт болып саналады. Қандай да бір қосымша қорларды құруға жол берілмейді және рұқсат етілмейді. Бұл мақсат Үкімет, Ұлттық қор және жаңадан құрылған агенттік алдында тұр деп ойлаймын», - деді Президент.
Осы орайда, Мемлекет басшысы Ұлттық қор - ол осындай жалғыз институт екенін қадап айтты.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.