Президент Ұлттық статистика бюросының басшысын қызметінен босатты
11:51, 24 Қаңтар 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымынан босатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.