Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің тегеурінді әрі парасатты басшылығымен Үндістан экономикалық өсім, орнықты даму және ғылыми-техникалық әлеует тұрғысынан жаһандық көшбасшылардың бірі ретінде позициясын нығайтып келе жатқанын атап өтті.
— Мемлекет басшысы Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті барысында көрсетілген сый-құрмет пен қонақжайлық үшін Үндістан Үкіметінің жетекшісіне ризашылығын білдірді, — делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ Нарендра Модимен екіжақты кездесу нәтижелі болғанына назар аударып, оны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
Бұған дейін Үндістан Премьер-министрі өзінің X парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевпен нәтижелі пікір алмасқаны туралы жазғанын хабарлаған едік.