Президент үшін өзгелердің емес, өз халқының ой-пікірі әлдеқайда маңызды - сенатор С.Жалмағамбетова

АНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Кез-келген мемлекеттің басшысы үшін оның өзі жөніндегі халқының пікірі аса маңызды», - дейді Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова.

Бұл пікірін ол бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғаннан кейін журналистердің сауалдарына жауап беру кезінде мәлім етті.

«Мен Президент өзін осыншама азамат қолдап отырғандығына ырза деген ойдамын. Кез-келген басшы, кез-келген лидер халықтың өзін осыншама қолдап, сенім артып отырғандығына сөз жоқ мақтанады. Ал референдум жөніндегі өзгелердің сын-ескертпелеріне келетін болсақ, Президент үшін өзгелердің емес, өз халқының ой-пікірі әлдеқайда маңызды», - дейді депутат.