Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды

Фото: Ақорда

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп директоры Ләззат Испанова оқушылардың жетістіктері туралы айтып, жазушы мұражайымен таныстырды. 1997 жылы құрылған музейге қаламгердің тұтынған заттары, фотосуреттері, құжаттары мен кітаптары қойылған.

Фото: Ақорда

Президентке жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған зияткерлік ойын және повестерінің желісі бойынша шағын қойылым көрсетілді.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына «Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры» атқарған жұмыстар жөнінде баяндалды.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, биыл Қордың құрылғанына 15 жыл толып отыр. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда