«Елбасы мемлекетті нығайтумен қатар, жаңа Қазақстандық арманға қол жеткізудің нақты тетіктерін айқындап берді. Отандастарымыз Елбасының жаңа еңбегіне қызу қолдау білдіруде, халықаралық сарапшылар тарапынан да жоғары баға беріліп жатыр. Президент ұсынып отырған жаңа қазақстандық арман бүкіл халықтың арманы болып отыр», - деді Қ. Тоқаев.
Сонымен қатар, спикер Елбасы Парламент пен Үкіметтің теңдессіз жұмысын жоғары бағалағанын атап өтті. Оның айтуынша, алдыда тұрған міндеттерді жүзеге асыру Қазақстанды, оның экономикасын, жалпы мемлекет пен қоғамды түбегейлі өзгертетін тарихи міндеттерді шешуге даңғыл жол салатыны сөзсіз. «Жаһандық әлемде қалыптасып отырған құбылмалы жағдайға қарамастан, жаңғыртудың кешенді шараларын іске асыру баршамызға айрықша жауапкершілік жүктейді. Осы орайда Сенат депутаттары Елбасы тапсырмаларын орындауға белсене қатысады деп кәміл сенемін», - деді спикер Қ. Тоқаев.