Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
19:47, 05 Қаңтар 2021
Президент ветеринария мәселелеріне қатысты заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.