Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды. Мемлекеттер басшылары Мәскеуде өтетін келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар әлемдегі қазіргі ахуалдың кейбір аспектілері қарастырылды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде Владимир Путинмен кездескен болатын.

РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қараша айына жоспарланған Қазақстан Республикасы Президентінің Ресей Федерациясына бірінші мемлекеттік сапарына дайындық қызу жүріп жатқанын айтқан еді.