Президент: «Ясауитану» ғылыми орталығын немесе институтын құруды ойластыруға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ясауитану» ғылыми орталығын немесе институтын құру мәселесін ойластыруға болады. Бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: t.me/aqorda_resmi

«Түркістанды Ясауисіз елестету мүмкін емес. Әйгілі ғұлама тұтас түркі дүниесінде ислам дінінің орнығуына зор үлес қосты. Ясауиден бастау алатын қазақ жеріндегі рухани сабақтастық қазірге дейін үздіксіз жалғасып келеді. Биыл Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толып отыр. Осы орайда, ғұламаның еңбектерін жан-жақты зерттеп, дәріптеу маңызды. «Ясауитану» ғылыми орталығын немесе институтын құру мәселесін ойластыруға болады», - деді Президент.