Президент жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды
11:34, 01 Шілде 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша, шамамен сағат 19:15-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі паршасында жазды.
Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған. Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.