Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, Сенат «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды және оған ілеспе 2 құжатты екі оқылымда қарап, мақұлдады.
Заңның міндеттері:
- адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету;
- құқық бұзушылық деңгейін төмендету;
- құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және заңға мойынсынатын мінез-құлықты қалыптастыру;
- жәбірленушілер мен құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету;
- қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылық профилактикасына азаматтардың белсенді қатысуын арттыру;
- құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру және басқалары.