Жаңа редакция бойынша Ұлттық қор қаражатын облигациялық қарыздар нысанында пайдалану жөніндегі мәселелер қаралған жағдайда ұсыныстар әзірлеу тек жалпыхалықтық маңызы бар жобаларды сараптау нәтижелері негізінде ғана жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, кеңестің міндеттеріне жаңа екі тармақ қосылып отыр. Олар:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
- Қаржыландырудың баламалы көздері болмаған кезде аса маңызды объектілер мен жалпыхалықтық маңызы бар жобаларды айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Құжат Президенттің 11 Жарлығының күшін жоюды да көздейді.
Бұл өзгерістер Бюджет кодексі 5-бабы 16-тармағының талаптарынан туындап отырғанын айту керек.
Ал Ұлттық қорды басқару жөніндегі Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органның құрамы өзгеріссіз қалмақ. Олар:
- Қазақстан Республикасының Президенті — Кеңес төрағасы
- Сенат төрағасы (келісім бойынша)
- Мәжіліс төрағасы (келісім бойынша)
- Президенті Әкімшілігінің басшысы
- Ұлттық банк төрағасы
- Жоғары аудиторлық палата төрағасы
- Қаржы министрі
- Ұлттық экономика министрі.
Бұған дейін Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысын қайта бастағаны хабарланған еді.