Президент жанындағы Жасанды интеллект жөнінде кеңестің құрамында кімдер болады

Фото: Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда өтіп жатқан жасанды интеллект жайында AlmatyFair.ai көрмесіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қатысты.

Ведомство басшысы іс-шара барысында Жасанды интеллект жөнінде кеңестің құрамына кіретін сарапшыларды атап өтті.

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Президент жанындағы жасанды интеллект жөніндегі кеңес қазір белсенді түрде құрылып жатыр. Тиісті нормативтік құжаттар әзірленіп, Президент Әкімшілігімен келісу жүргізіп жатырмыз, сондай-ақ осы кеңестің құрамына қосылатын сарапшылар қоғамы іріктеліп жатыр, — деді ол.

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Сондай-ақ Жаслан Мәдиев ЖИ жөніндегі кеңеске қосылуға келісім берген халықаралық сарапшыларды атады. Олардың қатарында жасанды интеллект саласындағы әлемдегі жетекші мамандардың бірі Ли Кайфу, бұрын Google-да зерттеу тобын басқарған Питер Норвиг, Жапониядағы ЖИ саласындағы танымал сарапшы Джеити «Джой» Ито бар.

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы цифрландыру мен жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу керек екенін айтқан еді.