ҚР Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, төраға (келісім бойынша) Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров енгізілді. Сондай-ақ комиссия құрамынан И.И.Рогов шығарылды.
Еске сала кетсек, Игорь Рогов Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия құрамына кірді.