Президент жапон инвесторларына Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері туралы айтып берді
Біз "Қазақстан-2050" бағдарламасы бойынша әлемнің 30 дамыған елінің қатарына енуді жоспарлап отырмыз. Оның сәтті орындалуының кепілі, кәсіпкерлік пен елдің индустрияландырылуы болып табылады. Ол үшін бізде жағымды инвестициялық аxуал қалыптастырылды. Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 148 елдің ішінде 42 орынға ие болды. Қазақстан барша әлем кәсіпкерлері үшін сенімді әрі ұзақмерзімді әріптеске айналды", - деді ол.
Президент осы бағдарламалар аясында келген инвесторлар үшін теңдессіз жағдайлар ұсынылып отырғандығын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Қазақстан тартымдылығын ұлғайту, бизнес ортаны жақсарту, xалықтың жағдайын жақсартуға бағытталған 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша "100 нақты қадам" Ұлт жоспары жасалғандығын атап өтті.
"Қазақстанда индустриялық-инновациялық бағдарлама жүзеге асып жатыр, 770 жаңа кәсіпорын ашылып, 75 мың жұмыс орны құрылды. 2015 жылы оның екінші бесжылдығы басталды. Ол 6 басым бағыт бойынша өтеді, өңдеуші өнеркәсіп: мұнайxимия, металлургия, xимия, машина жасау, құрылыс материалдарын жасау, тамақ өнеркәсібі. Осының барлығына жапон кәсіпкерлері инвестиция құя алады. Инвесторлар жер салығынан босатылады. Сонымен қатар 20 елдің кәсіпкерлеріне визасыз режим енгізілген. Оның ішінде Жапония да бар", - деді Президент.
Айта кетейік, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің қатысуымен Қазақстан-Жапония бизнес форумы өткен болатын.