Президент жапондық компанияларды Қазақстандағы жекешелендіру науқанына қатысуға шақырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жапондық компанияларды Қазақстандағы жекешелендіру науқанына қатысуға шақырды.

"Қазақстан капиталдарды мемлекеттік иеліктен белсенді түрде жеке салаға шығаруда. Екінші мәрте жекешелендірудің науқаны жүреді. Онда экономиканың негізгі активтері сатылады. Тізімге тау-кен, металлургиялық, мұнай өңдеу, энергетика, көлік, байланыс және инфрақұрылымдық нысандар кірген. Жекешелендіруге сіздердің қатысқандарыңыз екіжақты байланыстарымызды қайта дамыта түседі", - деді ол бүгін Қазақстан-Жапония бизнес форумында.

"Біздің мемлекеттеріміздің жоғары экономикалық әлеуеті, мәдени-гуманитарлық байланыстары екі елдің игілігіне бағытталуы тиіс", - деп түйді сөзін Президент.