Президент Жапония Императорына құттықтау жеделхатын жолдады
14:32, 23 Ақпан 2026
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Президент Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында жандана беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Император Нарухитоның игі бастамаларына мол табыс, ал достас жапон халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтаған еді.