Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында жандана беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Император Нарухитоның игі бастамаларына мол табыс, ал достас жапон халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтаған еді.