І дәрежелі «Даңқ» орденімен:
1) Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы;
2) Дәуешов Халидулла Зиноллаұлы – Ақтөбе облысының прокуроры.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен:
1) Раисов Ұлан Ермұханұлы – Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
2) Далматов Қанатай Жорабекұлы – Қорғаныс министрлігі
әскери бөлімінің командирі;
3) Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы – Жамбыл облысының прокуроры.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
1) Головин Олег Павлович – Петропавл қаласының
полиция басқармасының инспекторы;
2) Таңатаров Бауыржан Омарұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері Штаб бастығының орынбасары;
3) Доскенов Амангелді Серікұлы – Ақмола облысының Ерейментау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы;
4) Сақ Ұлықбек Мұратұлы – Қорғаныс министрлігінің
әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары;
5) Ғалымов Жандос Жанатұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аға жедел уәкілі;
6) Насихан Роман Серікұлы – Атырау облысының Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің инспекторы;
7) Оразов Дінмұхамед Ғабитұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің аға жедел уәкілі;
8) Омаров Диас Кәкімұлы – Жетісу облысының Талдықорған қаласы полиция басқармасының инспекторы.
Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:
1) Тәжіғұлов Нұрболат Тастемірұлы – Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
«Құрмет» орденімен:
1) Кубекова Аина Жадырақызы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің департамент басшысы.
«Ерлігі үшін» медалімен:
1) Топалов Әміржан Мерекеұлы – Қостанай облысының
Қарабалық ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі;
2) Құсман Әділ Думанұлы – Абай облысының полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен:
1) Өтеуов Ерлан Өтеуұлы – Бас прокуратура Қызмет бастығының орынбасары;
2) Стрелков Федор Николаевич – Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты бастығының орынбасары;
3) Ілияс Серік Аманкелдіұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығының орынбасары;
4) Ақарбеков Мейірхан Сапарханұлы – Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің рота командирі;
5) Өтенов Сәкен Сексембайұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің аға жедел уәкілі;
6) Ирубаев Ренат Маратұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің аға офицері;
7) Мұратбеков Дулат Тілемісұлы – Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі;
8) Серіков Әділет Алмасбекұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің аға жедел уәкілі;
9) Әбдікәрімов Тілек Думанұлы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі.