Президент: Жастарға баспана қолжетімді болуы тиіс

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жастар жылының» игілігін ең алдымен жастардың өздері көруі керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы осы жылды«Жастар жылы» деп жариялады. Жастармен қоғамдық-идеологиялық жұмыс жүргізу –өте маңызды міндет. Себебі жастар біздің болашағымыз. Сондықтан «Жастаржылының» игілігін ең алдымен жастардың өздері көруі керек», - деп тоқталдыМемлекет басшысы.

Олсы орайдаПрезидент жастарға баспана қолжетімді болуы тиіс екенін қадап айтты.

«Олардың жолы болуыкерек. Жақсы сапалы өмір сүру үшін мүмкіндіктер туғызуымыз қажет. Міне,Үкіметтің бастамалары ең алдымен осы міндеттерді назарға алуы тиіс. Бірақмынаны ұмытпауымыз керек, ең басты міндет – «дайын асқа тік қасық» дегендей,жастарға бақытты өмірді жасап беру емес, оларға өз бақыттарын өздері тауып,мақсаттарына жетуге жағдай жасау өте маңызды. Келесі жыл «Жастар жылының»жалғасы ретінде «Волонтерлер жылы» болады. Жастарымызды белсенді волонтерлікжұмысқа тарту қажет. Бірақ олар бұл жұмысқа тек кредиттер мен оқудағыжеңілдіктер үшін емес, өздерінің жүрек қалауымен әрі шынайы ниетімен келуітиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар