Президент жер телімдерін қандай инвесторларға ұсынуға болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңызды индустриялдық жобаларды қолға алған кәсіпкерлерге салық жеңілдіктерін бермей-ақ, жер телімдерін ұсыну қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында Үкіметке осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялдық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер телімдерін беруге болады», - деді Мемлекет басшысы.

Ал, инвестициялық міндеттемесін адал орындайтын кәсіпорындарға жер телімі жекеменшікке де беруілуі мүмкін.

«Оларға арнайы экономикалық аймақтан жер телімін жекеменшікке беру мәселесін шешу қажет. Жалпы, инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, бүгін Президент Үкіметтің жұмысын сынға алды.


Фото: pixel-shot.com