«Жолдауда мен пайдаланылмай жатқан жерлерді латифундистерден қайтарып алу тапсырмасын жүктеген болатынмын. Бұл қыздырманың қызыл сөзі емес – салмақты тапсырма. Ісіне адал, еңбектен қашпайтын шаруалар еш жерде жұмыс істей алмайтын, малын жая алмайтын күнге де жеттік», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.
Президент сонымен қатар, бұл тапсырма әлі дұрыс қолға алынбағанын сынға алды.
«Бұл жағдайда мүдделі адамдардың қысымына беріліп, бұл істі тоқтатып қойған секілді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.