Президент Жолдауын іске асыру жалпыұлттық жоспары 102 іс-шараны қамтиды – Әсет Ерғалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Жолдауын іске асыру жалпыұлттық жоспары 102 іс-шараны қамтиды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қарау үшін енгізіліп отыр. Жалпыұлттық жоспардың жобасы 102 іс-шараны қамтиды. Бұл Жолдау халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін 5 бастаманы және 7 бағытты іске асыруды көздейді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бірінші бағытта - 27, екінші бағытта- 8, үшінші бағытта - 12, төртінші бағытта – 22 және бесінші бағытта 6, алтыншы бағытта 13, жетінші бағытта 5 іс-шараны жүзеге асыру көзделген.

«Ұлттық экономика министрлігі орталық және жергіліктік атқарушы органдармен бірлесіп, Жалпыұлттық жоспардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сонымен бірге іс-шараларды жүзеге асырудың тұрақты мониторингін жасау бойынша тиісті жұмыстар жүргізетін болады», - деді Әсет Ерғалиев.