Президент «Жошы хан» спектаклінің премьерасын көруге барады
19:02, 22 Маусым 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Жошы хан» спектаклінің премьерасын көруге барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сахналанатын «Жошы хан» спектаклінің премьерасын көруге барады», - деп жазылған Ақорданың әлеуметтік желідегі парақшасында.