Президент Зиязин бен Хайсам Әл Саидты «Достық» орденімен марапаттады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин мен Хайсам Әл Саидқа «Достық» орденін тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Ақорда
– Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты және халықтарымыздың өзара достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Премьер-министрдің орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, - делінген хабарламада.
Фото: АқордаФото: Ақорда
Бұған дейін Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдағанын жазған едік.
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.