«Бүгін бізге мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеу үшін Серік Тасқараұлы Мұқаш келіп отыр. Ол 1950 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Қазіргі уақытта Щучье қаласында тұрады. «Экологиялық тұрақтылық» қоғамдық қоры басқармасының төрағасы», - деді кандидатты таныстырған комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.
Комиссия төрағасы емтихан тапсырушыға үш кезеңмен өтетін сынақтың ережесін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Осыдан кейін С.Мұқаш «Қазақстан халқы Ассамблеясы - біздің жетістігіміз» тақырыбын таңдап, 2 беттік шығарма жазуға кірісті.