деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әдеттегідей, Қазақстан халқының тарапынан әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй, заң бұзу және білім беру саласындағы мәселелерді қамтитын сұрақтар көптеп түсуде. Сондай-ақ Елбасының атына еліміздің мәдени-тарихи дамуына қатысты сауалдар жиі келуде. Мәселен, Рудный қаласының тұрғыны Лайық Сейітов Түркістан қаласын түркі тілдес халықтардың рухани астанасы етіп жариялауды ұсынып отыр. Ол болашақта Түркістан қаласының көркейіп, түркі тілдес халықтар бірлігінің орталығы болатындығына сенеді. Ал 13 жасар Диар Жорабеков бүгінде Францияның Лувр қаласындағы халқымыздың аса құнды тарихи жәдігерлері - Қожа Ахмет Ясауи мазарының екі шырағданын қайтару қажеттігін жазған.
Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы қарашаның 13-і күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан», «Хабар», «Астана қалалық теледидары» телеарналары және «Қазақ радиосы», «Астана радиосы» бойынша өтетін тікелей эфирде азаматтардың телеэфир, телефон, интернет және СМС хабарламалары арқылы түскен сұрақтарына жауап беретін болады. Сұрақтарды республика бойынша 7 (7172) 555-777 телефоны мен KCell, Beeline, Neo, Altel ұялы байланысын пайдаланушылар үшін СМС хабарламалары арқылы 1111 нөміріне жіберуге болады. Сондай-ақ
www.line.gov.kz сайтының тиісті тармағын пайдалана отырып, бейнесұрақты жолдауға болады. Ал жазбаша сауалды vopros@akorda.kz электрондық мекенжайына жіберуге мүмкіндік бар.
Айта кетейік, «Қазақтелеком» ұсынған байланыс тегін болса, ұялы телефондарға арнайы төлемдер қарастырылған. «Тікелей желі» кезінде Елбасының назарына ілікпей қалған сауалдарға тиісті мемлекеттік органдар бір айдың көлемінде жауап әзірлеп, сайтқа орналастыратын болады. Ал интернеті жоқ ауылды жерлер үшін әкімдіктер жанынан қоғамдық қабылдау бөлімдері ашылған.