Президентке кімдер сыйлық жасаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразия-1 телеарнасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзге мемлекеттердің башылары тарапынан жасалған сыйлықтар туралы арнайы сюжет түсірді. Бұл сюжетті бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысына жасалған сыйлықтардың ішінде түрлі картиналар, киімдер, көрпеше, альбомдар тіпті асыл тұқымды жануарлар да бар.

Олар туралы сюжетте жан-жақты айтылады.