Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Мемлекет басшысына Мәжіліс депутаттары мен «AMANAT» партиясының мүшелері референдумның мән-маңызын түсіндіру науқаны барысында азаматтардан 20 мыңнан астам өтініш жинағанын айтты. Үкіметпен бірлесе отырып, қазақстандықтардың барлық ұсынысы мен көтерген мәселелері пысықталады және заң шығару жұмысы кезінде ескеріледі.
Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының 6 маусымда Ереванда өткен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің көшпелі отырысына қатысқаны жөнінде айтты.
Парламенттік Ассамблея халықаралық және аймақтық деңгейде қауіпсіздік мәселесін шешу үшін БҰҰ аясында ҰҚШҰ бітімгерлік әлеуетінің дамуы талқыланды.